Главная > Uncategorized > “МҰХТАР ШАХАНОВ КЛУБЫ”

“МҰХТАР ШАХАНОВ КЛУБЫ”

Ардақты Азамат! Құрметті Студент! Егер СІЗ:
— 18 — 25 жас аралығында болсаңыз;
— Университет студенті болсаңыз;
— Ана тіліміздің тағдырына немқұрайлы болмасаңыз;
— Ақынның шығармашылығына қызықсаңыз;
— Қоғам өміріне белсенді араласқыңыз келсе;
— Ұлтымыздың келешегіне алаңдаулы болсаңыз
“МҰХТАР ШАХАНОВ КЛУБЫНА” ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!!!

“МҰХТАР ШАХАНОВ КЛУБЫ”-шығармалары дүние жүзінің 40-тан астам тілдеріне аударылған, “түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны” атанған, Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғызстанның Халық ақыны, ЮНЕСКО 2 рет әлем жұртшылығына үлгі ретінде ұсынған, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, ғасыр АЗАМАТЫ Мұхтар Шахановтың құрметіне 2007 жылы құрылған ұйым.

МАҚСАТЫ: Қазақ жастарын төл әдебиетімізбен таныстыру, ақын шығармашылығына терең көз салу, ана тіліміздің мәртебесін көтеру, ұлтымызға қатысты мәселелерді талқылау.

БІЗДІҢ КЛУБТА ӨТКІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР:
• Конференциялар мен дөңгелек үстелдер
• “ШАХАНОВ оқулары”
• Дебаттар, өзекті мәселелерді талқылау
• Көңілділер мен тапқырлар клубы
• Экскурсиялар мен серуендерге шығу
• Ақын Мұхтар Шахановпен кездесу
• Мақал-мәтелдер кешін өткізу
• Белгілі қайраткерлермен кездесулер
• Ұлттық салт-дәстүрлер кеші
• Сауалдар жүргізу
• Қазақ әдебиетін оқу кештері (жылдам оқу)
• Түрлі мейрамдарға белсенді түрде қатысу

Клуб жұмысын таяу уақытта бастамақ. Клуб әлі жасақталу үстінде.
БІЗДІҢ КЛУБТЫҢ МҮШЕСІ БОЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!
Жоғарыдағы мәселелерге қызығушылық білдірсеңіз біздің клубтың мүшесі болуға асығыңыз!
Біз сізді және сіздердің жолдастарыңызды асыға күтеміз!

Байланыс телефондарымыз: 8-777-973-52-98 Жанболат, 8-705-126-37-01 Айдар
Клуб төрағасы — Жанболат Мамай

  1. Айкерим
    26 сентября, 2011 в 12:03 пп

    Саламатсызба Сизге бир кояр сурагым бар Бул клубка катысу ушин миндетти турде Алматынын тургыны болу керек па

  1. No trackbacks yet.

Оставьте комментарий